Болат Манкенов: "Арландар" ылғи да көштің басында жүруі керек"

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент

- Алдағы маусым қалай өтеді деп ойлайсыз?
- WSB сериясында нөмірі бірінші команда болғымыз келеді. Жалпы мақсат – бірінші орыннан көріну. Біздің командамыздың атауының өзі «Astana Arlans». "Арландар" ылғи да көштің басында жүруі керек. Сондықтан біз осы дәстүрді міндетті түрде жалғастыруымыз керек деген сенімдемін. Бүгінгі таңда командамызда 16 боксшы бар. Негізінен 22 болу керек. Алдағы уақытта команда сапын толықтырамыз. Ұжымымыздың 60 пайызы қазақстандық былғары қолғап шеберлері, ал 40 пайызын легионерлер құрайтын болады.

- Қанат Исламның жағдайы не болып жатыр?
-  Біз Қанат екеуміз бір апта бұрын сөйлескен болатынбыз. Әңгіме барысында ол АҚШ жерінде жұдырықтасқысы келетіндігін айтты. Үш күн бұрын Қанат Майамиге ұшып кетті. Біз оны да дұрыс түсінуіміз керек. Ол бүгінде жас емес. Сондықтан өзінің бар мүмкіншілігін қара күші бар кезінде көрсетіп қалғысы келеді. Біз Қанатқа сенеміз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

- Алдағы маусымда капитандық міндетті кім атқаратын болады?
- Қазірше командада жаңа капитанды таңдамадық. Жігіттер өздері тайдайтын шығар деген ойдамын. Оңтайлы таңдау жасайтын шығар! 

- Команда сапында былтыр өнер көрсеткен алжирлік легионерлер көрінбейді ...
- Ия, алжирлік легионерлер маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарына келмеді. Сосын біз ол жігіттерге өз тарапымыздан разы емес екенімізді білдіріп, хат жолдадық. Шамасы, алдағы маусымда ол жігіттер біздің командада болмайтын шығар.

Тақырыпқа орай:

«Astana Arlans» командасының бас бапкері - Сергей Корчинский:
Жалпы қазір біз жігіттердің функционалды дайындығына көңіл бөліп жатырмыз. Команда сапына келген жаңа боксшылардың шама-шарқын әлі де болса толық анықтаған жоқпыз. Маусымның басталуына он күн қалды. Оқу-жаттығу жиынының аяғында барлық жігіттер дайын болады деген ойдамын. Алдымызға биік мақсат қойып отырмыз. Сол үшін жаттығу жиындарын тиянақты өткізу керекпіз. Тағы бір айта кететін жәйт, біздің команданың есігі барлық боксшылар үшін ашық. Тек жігіттер өздерінің шынайы мықты екенін дәлелдесе болғаны.

Astana Arlans командасының алдағы маусымға қатысатын құрамы:
Бағдад Әлімбеков (54 келіге дейін);
Мирас Жақыпов (54 келіге дейін);
Мейірболат Тойытов (54 келіге дейін);

Самат Башенов (61 келіге дейін);
Ержан Мүсәпіров (61 келіге дейін);
Леонид Мальков, Украина (61 келіге дейін);

Сергей Деревянченко, Украина (73 келіге дейін);
Константин Снигур, Ресей (73 келіге дейін);
Мирас Байырханов (73 келіге дейін);
Әсет Айсин (73 келіге дейін);

Хрвоже Сеп, Хорватия (85 келіге дейін);

Енвер Туктаров, Украина (85 келіге дейін);
Рамзжон Ахмедов, Өзбекстан (85 келіге дейін);

Руслан Мырсатаев (91 келіден жоғары);

Роман Капитоненко, Украина (91 келіден жоғары);
Филип Хргович, Хорватия (91 келіден жоғары).

 Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: astanaarlans.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама