«Болашақ барысы» анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Еуропаның төрінде ұлттық құндылығымызды дәріптейтін турнир «Brunel University London» спорт кешенінде ұйымдастырылды. "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қоры мен "Қазальянс" қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен турнирге 16 балуан қатысты. Бұл жарыс Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылды. 

74 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен студенттер арасында Айдар Қойшыбаев 1-орын, Асқар Шарапатов 2-орын, Дәурен Дубербаев 3-орынға ие болды. "Болашақ барысы" турнирінде халықаралық дәрежедегі төреші Нұрлыбек Ермағамбетов пен ұлттық дәрежедегі төреші Ерлан Естек қазылық жасады.

Айта кетейік, 4 қараша күні Орал қаласында қазақ күресінен балалар, жасөспірімдер және жастар арасында «Жас барыс» атты IV республикалық турнир өтеді.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама