Боксты 17 жаста бастаған Виктория Графеева Азия чемпионы атанды
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева топ жарды. Отандасымыз финалда қытайлық Ли Циангтан айласын асырды.
Қазақстандық боксшы финалға дейінгі екі қарсыласын да техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын.
Виктория Графеева боксқа 17 жасында келген. Оған дейін жеңіл атлетикамен айналысқан.