Бокстан ұлттық құраманың жаңа бапкерлік құрамы жасақталды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kfb.kz

Қазіргі бапкерлік құрам

1. Қайрат Сәтжан - бас жаттықтырушы
2. ⁠Асқар Еркебаев - аға жаттықтырушы

Жаттықтырушылар:

3. ⁠Ілияс Оралбеков
4. ⁠Нұркен Андасов
5. ⁠Азамат Мақажанов
6. ⁠Талғатбек Жакпеков
7. ⁠Нұржан Насанов

Сонымен қатар қазіргі уақытта Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесуде.

Айта кетерлік жайт, жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсан айында өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданбақ.

Оған қоса қазіргі уақытта бірқатар шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізілуде. Жақын арада есімдері белгілі болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама