Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланып, командаға қосылған боксшылар белгілі болды. Жаңа құрамды Мырзағали Айтжанов бастаған жаттықтырушылар қосыны іріктеген. Ұлттық құрама сапына 69 кг-ға дейінгі салмақта Олимпиада, әлем және Азия чемпионы Данияр Елеусінов оралып отыр. Сондай-ақ команда әлем чемпионатының қола жүлдегері Берік Әбдірахманов пен Асланбек Шымбергенов сынды тәжірибелі боксшылармен толыққан. Қазақ боксшыларын 2018 жылы Индонезияда өтетін Азия ойындары күтіп тұр. Бұл дода жайлы Мырзағали Айтжанов Шымкентте өткен ел чемпионатынан кейін айта кеткен болатын. - Қаңтардан бастап оқу-жаттығу жиынына кірісеміз. 2018 жылғы басты жарыстың бірі Азия ойындары. Шілде айында осы жарысқа баратын 10 үздік боксшының есімін атайтын боламыз, - деген еді жаттықтырушы. Ұлттық құраманың жаңартылған құрамы: 49 кг: Ержан ЖомартТеміртас ЖүсіповШалқар АйқынбайЖандос Несіпжан 52 кг: Олжас Байниязов Азамат Исақұлов Әнуар Мұзапаров Абай Қуандықов 56 кг: Қайрат Ералиев Ілияс Сүлейменов Нұрбол Қалжанов 60 кг: Берік Әбдірахманов Зәкір Сафиуллин Әділет Құрметов Ертұрған Зейнулинов Саматәлі Төлтаев 64 кг: Бекдәулет Ибрагимов Сабыржан Бекбергенов Қуан Қуатов Санатәлі Төлтаев 69 кг: Абылайхан Жүсіпов Асланбек Шымбергенов Қанағат Маралов Данияр Елеусінов 75 кг: Әбілхан Аманқұл Абай Төлеш Ерік Әлжанов Тұрсынбай Құлахмет 81 кг: Әділбек Ниязымбетов Бекзат Нұрдәулетов Бек Нұрмағамбет Михаил Коханчик Жәнібек Әлімханұлы 91 кг: Василий Левит Антон Пинчук Абзал Құттыбеков + 91 кг: Қамшыбек ҚоңқабаевАйболды ДәуренұлыНұрболат СермахановОлжас Бұқаев