Бокстан Қазақстан құрамасы бапкеріне қандай басты талап қойылды?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

"Қайрат Сәтжановтың алдағы олимпиадалық циклге ұсынған жоспарын талқыладық. Көңілімізден шықты. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша бас бапкерді ауыстырғанымызды білесіздер. Оған қойылған негізгі талаптардың бірі  - командада жеке шәкіртінің болмауы. Сондай-ақ, шетелдік мамандармен жұмыс істеп, жасөспірім және жастар командаларына бірдей көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз", - дейді Ділдәбеков.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін Мырзағали Айтжанов бас бапкерлік қызметтен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. 

Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен қазақстандықтар Сербияда (2021) өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама