Бокстан жастар құрамасы Сербияда бес жүлдеге ие болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Жастар арасындағы турнирге Қазақстаннан тоғыз боксшы қатысып, оның бесеуі жүлдеге ілікті. 

Атап айтар болсақ, Дәулет Боранқұлов (51 келі), Рамазан Орынбасар (54 келі), Әділет Ерманов (54 келі), Жәңгір Алдаберген (67 келі) және Даниял Райымбеков (92 келі) турнирдің қола жүлдегерлері атанды. 

Бес боксшы да жартылай финалда жеңіліс тапты. 

Еске салайық, Сербиядағы халықаралық бәсекеге Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Словения, Австрия, Шотландия, Беларусь, Черногория, Босния және Герцеговина, Румыния, Латвия, Польша, Косово, Ресей және Сербиядан боксшылар қатысты. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама