Қарағанды қаласында бокстан ҚазССР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXХІV халықаралық турнир мәресіне жетті. Төрт күнге созылған шаршы алаңдағы жекпе-жектер қорытындысы бойынша үздік боксшылар анықталды. Биылғы жарыста Ресей, Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген боксшылар бақ сынады. Барлығы 195 боксшы (157 ер, 38 қыз) қатысты. Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокс додасы талай боксшылардың үлкен спортқа қадам жасауына септігін тигізген еліміздегі ең ірі жарыстардың бірі. Тарихы тереңде жатқан бұл бокс бәсекесінен Олимпиада чемпиондары мен талай әлем чемпиондары түлеп шыққан. Атап айтар болсақ, бүгінде кәсіпқой бокста еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Геннадий Головкин бұл турнирде бес рет топ жарған. Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров пен Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибраимов та Ғалым Жарылғапов турнирінің бес дүркін чемпиондары атанған. 2000 жылы Сидней Олимпиадасының шыңын бағындырған марқұм Бекзат Саттарханов та бұл турнирде үш рет жеңімпаз тұғырынан көрінген. Одан өзге, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев те бұл турнирді үш рет жеңген боксшылар қатарынан. Ал Ғалым Жарылғапов турнирінде ең көп топ жарған боксшы кім? дегенге келсек, Сарыарқа төсінде туып-өскен Аркадий Топаевтың есімін ерекше мақтанышпен айта аламыз. 1994 жылы әлем кубогының жеңімпазы атанған былғары қолғап шебері бұл турнирді жеті рет ұтқан жалғыз боксшы. Ғалым Жарылғапов 1939 жылдың 22-желтоқсанында дүниеге келген. Спортты серік еткен тұлға қазақ боксының нағыз жанашыры болған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген бапкері мен спорт шебері атақтарына қол жеткізген. Кейін былғары қолғабын шешкеннен кейін де шаршы алаңның айналасынан алыстай алмаған. Бапкерліктен бастап, облыстық туризм және спорт комитетінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілген. 1984 жылы Ташкентте КСРО халықтарының спартакиадасы ұйымдастырылып, оған Қазақстанның өкілі ретінде Ғалым Жарылғапов та қатысқан. Сол жарыста білікті бапкер дүниеден озды. Жекпе-жектер кезінде шаршы алаңның жанында қазақ боксшыларына жанкүйер болып отырған Ғалым Жарылғаповтың жүрегі ұстап, тілге келместен көз жұмған. Ал екі жылдан кейін, яғни 1986 жылы ұлы Нұрғазы Жарылғапов алғаш рет осы турнирді өткізуді қолға алыпты. Содан бері дода дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Әйелдер 51 кг IЖайна Шекербекова (ОҚО) IIӘйгерім Қасенаева (Астана) IIIАқерке Хусаинова (Алматы), Махаббат Тоқмағамбетова (Қостанай облысы) 54 кг IРано Пархатова (Алматы) IIАида Тұяқбай (ОҚО) IIIДинара Жамирова (Алматы), Ферангиз Хошимова (Өзбекстан) 57 кг IСания Сұлтанқызы (Астана) IIДәметкен Келімбет (Қызылорда облысы) IIIВладислава Кухта (Қостанай облысы), Едгорой Мирзаева (Өзбекстан) 60 кг IАйжан Ходжабекова (Қарағанды облысы) IIКарина Ибрагимова (Ақмола облысы) IIIЖанна Серікова (Қостанай облысы), Шаира Зулкайнарова (Тәжікстан) 75 кг IАида Оңдаш (Қызылорда облысы) IIВиолетта Князева (Қарағанды облысы) IIIӘмина Аманқұл (ОҚО), Ақерке Бахытжан (Қызылорда облысы) Ерлер 49 кг IКумар Какара (Үндістан) IIМирлан Туркбайуулы (Қырғызстан) IIIӘлішер Айтхожанов (Алматы облысы), Дулат Даутов (Қызылорда облысы) 52 кг IАқниет Балтабаев (Қарағанды облысы) IIБағдат Толыбаев (Жамбыл облысы) IIIАзиз Санатбаев (Қызылорда облысы), Абдулла Кучкаров (Өзбекстан) 56 кг IОразбек Асылқұлов (Ақмола облысы) IIШерхан Сүгірбек (Жамбыл облысы) IIIАбылай Сайлаубеков (Павлодар облысы), Рустем Шауменов (Қарағанды облысы) 60 кг IШукуржан Рахимов (Өзбекстан) IIКаучик Маниш (Үндістан) IIIХасен Азизбеков (ШҚО), Асылхан Ұзакбаев (Атырау облысы) 64 кг IАзамат Нұркен (Қарағанды облысы) IIАсқар Эрубек (Алматы облысы) IIIМирасәлі Сәрсенов (Жамбыл облысы), Мирас Ертанов (Алматы облысы) 69 кг IАбду Абдурахманов (Қырғызстан) IIДемежан Сайдағали (Алматы) IIIФазлиддин Мелибоев (Өзбекстан), Ислом Турсунбоев (Өзбекстан) 75 кг IЖусіп Қуандык (Қызылорда облысы) IIАмандык Манашев (Атырау облысы) IIIЖангра Мандип (Үндістан), Аман Қазанқапов (Жамбыл облысы) 81 кг IШаббос Негмагуллоев (Өзбекстан) IIКазим Мардонов (Өзбекстан) IIIРустам Галямов (Қарағанды облысы), Наурыбек Сағымбеков (Қарағанды облысы) 91 кг IТанвар Наман (Үндістан) IIНұрлан Сабыров (Маңғыстау) IIIЖамшид Абдуллаев (Өзбекстан), Артём Пчеляков (Қостанай облысы) +91 IСатиш Кумар (Үндістан) IIРустэм Баешев (Қарағанды облысы) IIIДархан Ерғали (Алматы облысы), Дмитрий Зиско (Қарағанды облысы).