Бокстан Азия чемпионаты Ташкентте өтетін болды
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (AIBA) күнтізбесі бойынша Азия чемпионаты Индонезия елінің астанасы Джакартада өтуі тиіс болған. Бірақ бұл ел қаржылық қиындықтарға байланысты жарысты қабылдаудан бас тартты. Сөйтіп AIBA күнтізбесіне өзгеріс енгізіп отыр.
Айта кетейік, Ташкент осымен Азия біріншілігін үшінші рет қабылдайын деп жатыр. Бірінші рет бұл қалада "сары құрлықтың" басты додасы 22 жыл бұрын өткен еді. Биылғы Азия чемпионаты 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында өтеді.
Ал 2017 жылғы әлем чемпионаты 25 тамыз - 3 қыркүйек аралығында Гамбургте (Германия) өтеді.