Бокста жаңа салмақ дәрежесі пайда болады
WBC-ге қарашадан бастап енгізілетін бұл салмақтың шегі 86,2-101,6 келі арасында шектеледі. Ал аса ауыр санатта салмағы 101 келіден жоғары боксшылар сынға түседі.
WBC-де жаңа салмақ дәрежесін енгізу бірнеше айдан бері талқыланып келеді. WBC президенті Маурисио Сулейман бокс ұйымы түзетулерге дауыс бергенін айтты
Жаңа салмақ дәрежесі бойынша алғаш болып 90,7 келі және одан жоғары салмақта рингке шығып жүрген Александр Усик жекпе-жек өткізуі мүмкін.