Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен боксшы ширек финалда тәжікстандық Шаббос Нигматоллаевпен рингке шықты. Тартысты жекпе-жектің соңғы раундында Бекзат қабағын жарып алғанымен, қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды. Төрешілердің бағасына тәжік командасының көңілі толмай, ғайбат сөздер айтып жатты. Ал бес төрешінің бесеуі де жекпе-жекте Нұрдәулетовтің мықты болғанын растады.
Осылайша, бокстан Қазақстан қоржынына екінші жолдама түсті. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов Токио ойындарына лицензия ұтып алған еді.