«БИІК-Қазығұрт» Парижде де ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Бір апта бұрын Шымкентте өткен бірінші кездесуде «ПСЖ» командасы 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Қарымта ойында 4:1 есебі тіркелді.

«БИІК-Қазығұрт» ойынды ширақ бастағанмен, бірінші тайм аяқталар тұста қорғанысы сыр берді. 43 және қосымша уақытта қақпаларына екі гол өткізіп алды. 67 минутта Адуле есепті қысқартқанмен, одан кейінгі аралықта алаң иелері тағы екі гол соғып кетті. Нәтижесінде қос ойын қорытындысы бойынша 7:1 есебімен басым түскен «ПСЖ» Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты.

«Пари Сен-Жермен» (Франция) – «БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) – 4:1

Голдар: Крус-Транья, 43 (1:0). Сарр, 45+1 (2:0). Адуле, 67 (2:1). Дели, 70 (3:1). Сарр, 79 (4:1).

ПСЖ: Гертс, Жорж, Деланнуа, Периссе (Ламари, 53), Паредес, Эрика, Крус-Транья (Палясен, 61), Диалло, Бокете (Дели, 46), Кристиане, Сарр.

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Машкова, Нганди, Красюкова, Мясникова, Кравец (Жолшиева, 77), Эшер (Хайрулина, 86), Роузборо, Бабшук, Адуле, Габелия.

Айта кетейік, «БИІК-Қазығұрт» қыздар арасында Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан қазақстандық тұңғыш клуб.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама