Бибісара Асаубаева Шымкенттегі жарыста 4-орынға төмендеді
Алтыншы турда Ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева Екатерина Лагномен шеберлік байқасып, қарсыласына есе жіберді. Кездесуден кейінгі сұхбатында Бибісара Екатеринаның мүлде басқаша ойнағанын, жоспары басқаша болғанын айтты.
Демалысқа дейін 2-орында келе жатқан отандасымыз осы жеңілістен кейін жалпы есепте 4-сатыға түсіп қалды. Қазір еншісінде 3,5 ұпай бар. Келесі, 7-турда Асаубаеваның қарсыласы Дивья Дешмух (Үндістан) болады. Одан кейін Тан Чжунъи (Қытай) мен Мунгунтуул Батхуяг (Моңғолия) тұр.
Айта кетейік, 7-тур ойындары бүгін сағат 15:00-де басталады.
Мунгунтуул Батхуяг - Александра Горячкина
Нұргүл Салимова - Тан Чжунъи
Бибісара Асаубаева - Дивья Дешмух
Ставроула Цолакиду - Екатерина Лагно
Элизабет Пахтц - Хампи Конеру