Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді
Отандасымыз 11 ойын өткізіп, ешбірінде ұтылған жоқ. 4 қарсыласынан басым түсіп, 7 рет тең ойнады. Барлығы 7,5 ұпай жинады.
Соңғы турда Бибісара 17 дүркін әлем чемпионы атағына ие қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен ойнап, тең түсті. Нәтижесінде қарсыласы чемпион атана алмады.
🥇 Хампи Конеру (Үндістан) - 8,5 ұпай
🥈 Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - 8 ұпай
🥉 Екатерина Лагно (Ресей) - 8 ұпай
Меруерт Қамалиденова 16-орыннан көрінді.
Ары қарай Нью-Йорктегі әлем чемпионаты блиц сайысымен жалғасады.