Бэйл "Реалдан" кетуі мүмкін

О Сансызбай Корреспондент

The Sunday Times басылымы 24 жастағы жартылай қорғаушыға «қызыл сойқандар» қызығушылық танытып отырғанын жазады. Ағылшын премьер-лигасының 2012/2013 маусымдағы жеңімпаздары Гарет Бэйлды алдағы жазда өз құрамынан көргісі келеді екен.

Соңғы кезде «корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес 100 миллион евроға алған футболшысы алаңда өзін толық көрсете алмай жүргенінен кейін, испан БАҚ өкілдерінің үлкен қысымына ұшырауда. Әсіресе сенбі күні өткен «Эль-Класикодан» кейін Бэйл мен Неймарды салыстыра жазылған мақалалар саны жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай қаптап шыға келді.

Marca басылымы: «Бразилиялық футболшы кездесуде керемет ойнады. Ал валийлік алаңда мүлде көрінбеді. Бар-жоғы белгісіз де болды» деп жазса, sport.es порталы: «Неймар «Эль-Класиконың» алғашқы кездесуінде Бэйлдан мықты екенін көрсетті. Екеуінің ойыны күн мен түндей дәрежеде болды» деп жазады.

«Манчестер Юнайтед» басшылығы алдағы уақытта бұл жағдайдың түйінін шешіп, 2014 жылы Гарет Бэйлды өз құрамына қосуға барын салып көрмек.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.es

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама