Бэйл жарақат алды

О Сансызбай Корреспондент

24 жасар валийлік жартылай қорғаушы жаттығу кезінде сол аяғын ауырсынған. Дәрігерлік тексеруден кейін футболшының сол аяқ бұлшық етінің аздап жарақаттанғаны мәлім болды. Осыдан кейін кеше өткен "Сантьяго Бернабеудегі" "Хетафеге" қарсы кездесуге шыға алмаған. Испандық БАҚ құралдарының хабарлауынша, Гарет Бэйл 25 қыркүйек күнгі "Эльчеге" қарсы кездесуге де қатыспайды. Жартылай қорғаушы тек 28 қыркүйекте болатын мадридтік дербиде (Атлетико М) алаңға шығуы мүмкін.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: football-side.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама