Бейбіт Назаров америкалық спортшыны қылқындыру әдісімен жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Жекпе-жектің үшінші раундында Бейбіт қарсыласын қылқындыру әдісіне салды. Нәтижесінде америкалық жеңілгенін мойындап, отандасымыз уақытынан бұрын жеңіске жетті.

Негізі, Бейбіттің 70 кг салмақта октагонға шығуы жоспарланған, бірақ қарсыласы жарақат алып жекпе-жек кейінге шегерілген болатын. Дегенмен де, 77 кг салмақ дәрежесінде де бір спортшының жарақат алуына байланысты Бейбіт жекпе-жекке шығуға келісім берген-ді. Бұл жайында спортшының ағасы Ардақ Назаров instagram парақшасында жазды.  

- Қадірлі достар! Кеше салмаққа түсу рəсімі өтерден екі сағат бұрын 77 келі салмақтағы қарсылас жарақат алып бізге (шұғыл түрде шешім қабылдап) шығуға ұсыныс тастады. Біз қабыл алып міне Аллаға шүкір 77 келі салмақта Бейбіт үшінші раундта жеңіске жетті. Бейбіт 70 келі салмақта Кубалық спортшымен шығу керек еді. Бұған дейін хабар бергеніміздей Бейбіттің қарсыласы жарысқа екі күн қалғанда жарақат алған болатын. Біз енді шықпаймыз деп отырғанда осындай ұсыныс болды. Бабамыз жаудан қайтпаған ғой. Алла қаласа Бейбіттің келесі жарысы өз салмағында желтоқсанның 15-сі Майамиде өтеді. Қазақ Елі жасай берсін, - деп жазды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама