Бельгия есепті теңестірді

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Осылайша, Астанада өтіп жатқан Қазақстан – Бельгия арасындағы кездесудің төртінші матчы 4:6, 6:3, 3:6, 6:4, 6:0 есебімен Гоффиннің пайдасына шешілді. Енді қос құрама команданың қоржынында екі ұпайдан бар. ¼ финалға қай құраманың жолдама алатынын шешуші мәнге ие Андрей Голубев пен Рубен Бемельманс арасындағы матчтан кейін анықтайтын боламыз.   

Айта кету керек, Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстан – Бельгия кездесуінің жеңімпаздары Роджер Федерер өнер көрсететін Швейцарияға қарсылас атанады. Осыған дейін олар Сербия құрамасынан басым түсіп, ширек финалға жолдама алып қойған еді. Ширек финалдық ойындар 4-6 сәуір күндері өтетін болады.

Естеріңізге салар болсақ, қос құрама арасындағы кездесудің алғашқы күні Михаил Кукушкин Рубен Бемельмансты ұтса, екінші күні Андрей Голубев аса тартысты өткен матчта Давид Гоффиннен айласын асырған еді. Келесі күні Михаил Кукушкин мен Евгений Королев жұптасып өнер көрсетуде Оливье Рохус ⁄ Рубен Бемельманске ұтылып қалды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: gotennis.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама