Биатлоннан Беларусь құрамасы сапында Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысқанДинара Әлімбековаэстафеталық сайыста жеңімпаз атанды. Ал бұл жарыс жолында қазақстандық биатлоншылар жүлделі орыннан көріне алмады. Динара Әлімбекова Қарағанды облысы Абай ауданында 1996 жылы дүниеге келген. Әкесі қазақ, анасы орыс ұлтынан. Динара 3 жасқа толғанда ата-анасы Беларусь еліне қоныс аударған. Өзін беларуспын деп санайды. - Мен ес білгелі Беларусь елінің тұрғынымын. Расында, Қазақстандағы өмірім жайлы ештеңе білмеймін. Жарыс жолына қазақстандық спортшылармен қатар шыққанда жан дүниемде ешқандай өзгеріс байқамаймын, ештеңе сезінбеймін. Себебі мен өзімді 100 пайызға беларуспын деп есептеймін, - дейді спортшыsport.tut.byпорталына берген сұхбатында. Спортшы халықаралық жарыстарға 2011 жылдан бері қатысып келеді. Бүгін спорттық мансабындағы айтулы жетістігіне қол жеткізіп отыр. Ол биатлоннан өзге коньки және сноубордпен айналысқанды да жақсы көреді. Динара бүгінНадежда Скардино, Ирина КривкожәнеДарья Домрачеваменбірге эстафеталық сайыста жеңімпаз атанды. Бұл сайыста күміс медальды швед биатлоншылары, қоланы Франция құрамасы иеленді. Қазақстандық биатлоншыларГалина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина РайковажәнеДарья Климина14-орын алды. Олар жарыс жеңімпаздарынан 2 минут 14,6 секундқа қалып қойды.