Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокс турнирі басталды

О Сансызбай Корреспондент

Дәстүрлі додаға еліміздің барлық облыстарымен қоса Қытай, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей секілді шет мемлекеттерден 200-ге жуық жас спортшы қатысуда. Былғары қолғап шеберлері 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайтын болады. Халықаралық бокс турнирі Бекзаттың туған күні, яғни, 4 сәуірде өз мәресіне жетеді. Шешуші жекпе-жектер де сол күнге жоспарланған. Жеңіс тұғырынан көрінген боксшылар спорт шебері дәрежесіне ие болады.

Айта кетейік, биыл Бекзат Саттарханов көзі тірі болғанда 35 жасқа толар еді. 

Cурет: kz.otyrar.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама