Бекзат Саттарханов жайлы деректі фильмнің тұсауы кесілді

О Сансызбай Корреспондент

Жақында "Omniars" кинокомпаниясы мен "Kemenger" журналы олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың 35 жасқа толуына орай  Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде  «Бекзат Саттарханов – олимпиада чемпионы» атты көркем-деректі фильмінің тұсаукесер рәсімін өткізді.  Отандық жобаның сценаристері – Дина Балхашқызы, Айгерім Жұмаханова. Фильм режиссеры – Ермек Шахмет. Фильм ұзақтығы бір сағатты қамтиды. Туындыда қазақстандық боксшының балалық шағы мен жетістіктері жайлы баяндалады.

Аты аңыз болып қалған қазақстандық боксшының өміріне арналған,  өнегелі өмір жолын толғаған толымды туындыны Түркістан  жұртшылығы зор ықыласпен қабылдады.  

Деректі фильмнің премьерасына Бекзат Саттархановтың ата-анасымен қатар, Олимпиада чемпиондары Б. Сәрсекбаев, С. Сәпиев қатысты. Жоба Бекзат Саттархановқа арналған  бокстан XIV халықаралық турнирдің  ашылуымен байланыстырылып дайындалды. Ал түсірілім тобы Түркістан қалалық әкімдігіне өз алғыстарын білдірді. Деректі фильм алдағы уақытта еліміздің арналарында көрсетіледі деп күтілуде.

Айта кетейік, Бекзат жайлы деректі фильмнен өзге компания толық метражды көркем фильмнің жұмыстарымен де айналысуда.

Сурет: kazenergy.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама