Бекман Сойлыбаев мексикалық боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Отандасымыздың келесі қарсыласы 31 жастағы мексикалық боксшы Марио Антонио Масиас болды. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 50 кездесу өткізіп, оның 28-де жеңіске жеткен. Жекпе-жек 10 наурыз күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Тустин қаласында болады. Кездесу 8 раундтық жүйе бойынша өтеді. 

"Қарсыласымның анықталғанына қуаныштымын. Бұл сәтті ұзақ күттім. Өйткені, мен соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың мамырында шыққан едім. Өкінішке қарай, жарақатыма байланысты ұзақ уақыт жаттығу жасай алмадым. Бірақ қазір қазақстандық жанкүйерлерді жеңіспен қуантуға дайынмын. Қарсыласым тәжірибелі. Әлем чемпионы атағына үміткер болған. Дегенмен мен бапкерім Эрик Браунмен жеңіске жетеміз деп отырмыз. 10 наурызды асыға күтудемін", - дейді Бекман Сойлыбаев.

Айта кетейік, 2011 жылдың желтоқсан айында Марио Масиас жеңіл салмақта WBA чемпиондық белбеуі үшін, 2014 жылы WBC тұжымы бойыншы чемпиондық атаққа таласу үшін жекпе-жек өткізген. Алайда бұл екі кездесуде де мексикалық боксшы жеңіліп қалған.  

Қазіргі уақытта Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелес қаласында Wild Card West жаттығу залында америкалық Эрик Браунның қол астында жаттығу жасап жатыр. Кәсіпқой бокста отандасымыз 9 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама