Бекман Сойлыбаев WBC рейтингінде үздік 20 боксшының қатарына қосылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Бекман Сойлыбаев (Official page)

Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 4 сатыға жоғарылап, 20-орынға тұрақтап отыр. Бекман соңғы рет 19 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жекпе-жек өткізіп, мексикалық Фернандо Варгасты жеңген болатын.

Жаңарған WBC рейтингінде ауыр салмақта Иса Ақбербаев 35-ші орнын сақтап қалса, жартылай ауыр салмақта Али Ахмедов 32-ден 31-орынға жоғарылаған.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама