Бекхэмның ұлы "Арсеналмен" келісімшартқа отырды
10 жастағы Ромео «канонирлердің» жанкүйері болып келген. Арманына қол созған Бекхэмның ұлы енді клубтың Лондондағы жастар академиясында жаттығатын болады. Ал ағылшын құрамасының бұрынғы капитанының қалған екі ұлы «қызыл сойқандарға» жанкүйер көрінеді.
Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін «Челси» командасының бас бапкері Жозе Моуриньюдың ұлы лондондық тағы да бір клуб «Фулхэммен» келісімшартқа отырған болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sport-xl.net