Бекхэм жаңа клубын өз атымен атамақ
MLS Бекхэмге жаңа клуб құрғаннан соң, жаңа алаң салуға да рұқсат беріп отыр. Ал дәл қазіргі уақытта Дэвид Майами қаласы басшылығымен жаңа алаңның құрылыс жұмыстары жөнінде келіссөздер жүргізуде. Ағылшын құрамасының бұрынғы футболшысы клубтың негізгі иесі болып саналады. Сонымен қатар, жоба құрамында британдық бизнесмен Саймон Фуллер, америкалық миллиардер Марсело Клар және «Майами Хит» баскетболшысы Леброн Джеймс те бар.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.ru