Бекхэм жаңа клуб ашты

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Бұл туралы Бекхэмнің MLS комиссары Дона Гарбер мен Майами-Дейд аймағының мэрі Карлос Хименспен бірге болған баспасөз маслихатында мәлім болды.

«Бұл мен, жанұям мен серіктестерім үшін көптен күткен оқиға болды», - дейді Бекхэмнің сөзіне сілтеме жасаған Sky Sports. – Мен бұрыннан-ақ өзімнің жаңа клубымның болғанын армандаушы едім. Мен осыған бүкіл өмірім мен мансабымды арнадым. Арманымның орындалғаны мен үшін үлкен бақыт. Енді менің өзім іргесін қалаған жаңа клубым бар».

Майамилік жаңа клуб MLS лигасында 2017 жылы алғаш шығады деп күтілуде.

Майамиде Бекхэмнің клубынан дейін «Майами Фьюжн» атты команда АҚШ футбол лигасында 1998 бен 2001 жылдар аралығында ойнаған еді. Ол өзінің өткізген соңғы маусымында MLS лигасының Шығыс конференциясында жеңімпаз атанып, плей-офф кезеңінде финалға дейін жеткен болатын. Алайда 2002 жылы MLS «Майами» және флоридалық «Тампа-Бэй Мьютини» клубтарымен келісім бұзған еді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: novostiua.net

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама