"Бавария" сапында кім көп жалақы алады?

Ла Лига Корреспондент

"Неміс машинасының" 14 футболшысы жылына 5 миллион еуродан табыс табады екен. Болмаса одан да көп болуы мүмкін. Бірінші орында француз жартылай қорғаушысы Франк Рибери мен дортмундық "Боруссиядан" келген Марио Гетце (12 миллион еуродан) тұр. Екінші орында - Филипп Лам мен Бастиан Швайнштайгер (10 миллион еуродан). Үштікті Томас Мюллер, Тиаго Алькантара мен Мануэль Нойер қорытындылайды (8 миллион еуродан).

Тізімнің кейінгі сатысында Арьен Роббен мен Давид Алаба (7 миллион еуродан), Хави Мартинес пен Жером Боатенг (6 миллион еуродан), Даниэль ван Бюйтен, Марио Манджукич және Рафинья (5 миллион еуродан) жайғасқан. 

Қалған ойыншылар жылына 5 миллион еуродан кем таппайды екен 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: mundodeportivo.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама