"Бавария" Чемпиондар лигасын 6-шы рет ұтып алды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ Reuters

Маусымның шешуші ойыны Лиссабондағы (Португалия) "Эштадиу да Луш" стадионында өтті. Мюнхендік клубқа жеңіс сыйлаған голды 59 минутта Кингсли Коман соқты. Бір қызығы, бұл ойыншы 2005-2013 жылдар аралығында париждік клуб академиясында тәлім алған. Тіпті "ПСЖ" командасы тарихында алаңға шыққан ең жас ойыншы (16 жас, 8 ай, 4 күн) рекордына да ие.

"Бавария" Чемпиондар лигасында 6-шы рет топ жарды. Мюнхендік клуб 1974, 1975, 1976, 2001 және 2013 жылдары чемпион болған. Сондай-ақ биылғы маусымда бұл команда требл жасады. Чемпиондар лигасына дейін бундеслига мен Германия кубогын жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалындағы ойындар коронавирус пандемиясына байланысты бір ғана матчтан өтті. Наурыз айында тоқтаған жарыс тамызда Лиссабонда жалғасқан еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама