«Бавария» бундеслига чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент

«Бавария» кеше өз алаңында Берлиннің «Герта» клубын 1:0 есебімен жеңген болатын. Ал бүгін екінші орында келе жатқан «Вольфсбург» сырт алаңда жеңіліс тапты. Нәтижесінде мюнхендік клуб соңғы тур ойындарында жеңіліс тапқанмен, «Вольфсбургтың» қуып жете алмайтыны анық.

Айта кетейік, «Бавария» бундеслигада үшінші жыл қатарынан чемпиондық атақты иеленіп келеді. Сонымен қатар, бұл маусымдағы Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. Хосеп Гвардиола шәкірттері енді бар күшін осы додаға салатын болады. Олардың жартылай финалдағы қарсыласы – каталондық «Барселона». Екі клуб арасындағы бірінші ойын 7 мамыр күні Каталонияда өтсе, қарымта кездесу араға бір апта сала Мюнхенде өтеді.

Cурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама