"Бавария" — "Боруссия". Ойын нәтижесі (видео)
Ойынның 66-минутында Томас Мюллер бұрыш қапталдан Марио Гетцеге пас асырып берген болатын. Өз кезегінде "Боруссияның" бұрынғы ойыншысы мүлт кетпеді. Бір аяғымен қабылдап, екінші аяғымен сол заматта теуіп үлгерді. Есеп:1:0.
Ойынның негізгі уақыты аяқталуына төрт минут қалғанда "неміс машинасы" кезекті шабуылын ұйымдастырып үлгерді. Қосалқы құрамнан шыққан аяқ допшы Алькантара Роббеннің аяғына алыс бұрышқа пас асырып бере алды. Тәжірибелі неміс қақпашысы Вайденфеллер бұл сәтте қапы қалды.
Соңғы минуттарда Томас Мюллер үшінші голды соғып, ойын нәтижесін қорытындылады. Бұл жолы Ламның тамаша пасы дортмундық клубтың қорғанысын сөге кетті.
"Бавария" 35 ұпаймен неміс бундеслигасында көш бастап келеді. Ал Клоптың қол астындағы "Боруссия" тәлімгерлері 28 ұпаймен қалыс қалды.
Германия чемпионаты. 13-тур
«Боруссия Д» - «Бавария» 0:3
Марио Гетце, 67, Арьен Робен, 86, Томас Мюллер, 88
«Боруссия»: Вайденфеллер, Гроскройц, Фридрих, Папастатопулос, Дурм, Шахин, Бендер (Пищек, 79), Блащиковски (Обамейанг, 71), Ройс, Мхитарян (Хофман, 71), Левандовски.
«Бавария»: Нойер, Рафинья (Ван Буйтен, 79), Данте, Боатенг (Алькантара, 64), Алаба, Лам, Мартинес, Кросс, Мюллер, Робен, Манджукич (Гетце, 56).
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: eurosport.ru; sports.ru