«Бавария» бапкері жол апатына ұшырады
Мюнхендік клубтың бапкері «Audi RS6» жұмыс автокөлігімен келе жатып, тізгінге ие бола алмай өзге көлікті соққан. Нәтижесінде автокөліктер бүлінгенімен, екі жүргізушінің де денсаулығына зиян келмеген. Оқиғаны көзбен көргендер Хосеп Гвардиоланы кінәлі екенін айтқан. Сонымен қатар, бапкер полиция шақырмай істі тез шешіп кетудің де жолын қарастырыпты. Бірақ, жол апаты соңында полицияның араласуымен шешілген.
Айта кетейік, Хосеп Гвардиола «Баварияны» 2013 жылдан бері жаттықтырып келеді. Клубпен бірге Германия чемпионатын, Кубогын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Одан өзге, испандық маман 2009 және 2011 жылдары әлемнің клубтар арасындағы ең үздік бапкері болып танылған болатын.
Сурет: eurosport.ru
Оқи отырыңыз
Чемпиондар лигасында «Атлетикодан» алғашқы ойыншы алаңнан қуылды
Чемпиондар лигасы. Месси Англияда пенальти орындай алмады (видео)
Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады
Чемпиондар лигасы. Тең есептер тіркелді (видео)