Бауыржан Исламхан қайда барады?

О Сансызбай Корреспондент

Ресейдің «Кубань» клубымен 3 жылдық келісімшартқа отырған тараздық футболшы «Астана» командасына жалға берілген болатын. Енді жартылай қорғаушының алдағы уақытта қандай командада ойнайтыны белгісіз. Келісімшарт бойынша, әлі екі жылы бар краснодарлық клуб Бауыржанды тағы да бір командаға жалға беруі мүмкін. Осыған дейін талантты футболшыға алматылық «Қайрат» қызығушылық танытқан болатын.

Бауыржан Исламхан елордалық «Астана» сапында 7 рет алаңға шықты. Бір рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. Сонымен қатар, Еуропа Лигасы аясында да бір рет бағын сынап көрді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама