Батыр Жүкембаев үздік 100 боксшының рейтингіне енді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Eye of the Tiger Management

Батыр Жүкембаев кеше 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте мексикалық қарсыласын 2,5 минутта нокаутқа түсірген болатын. Нәтижесінде осы кездесудің қорытындысы бойынша отандасымыз «BoxRec» рейтингінде 26 орынға жоғарылап, 91-орыннан көрінді.

25 жастағы қазақстандық боксшы Канада жерінде сегіз жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жетті. Оның жетеуін уақытынан бұрын аяқтады. Сондай-ақ бір жекпе-жегі қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты есепке алынбады.

Айта кетейік, Квебекте өткен бокс кешінде Батыр Жүкембаевтан өзге отандасымыз Абылайхан Құсайынов та шаршы алаңға шықты. Ол да мексикалық боксшыны нокаутпен ұтты. Жаңарған рейтингте 128 орынға жоғарылап, 323-орыннан көрінді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама