"Барыстың" жаңа бас бапкері тағайындалды
51 жастағы маман "Барыспен" бір жылдық келісімшартқа отырды. Юрий Михайлис елордалық клубта 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұған дейін "Номадтың" бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ, 2018 жылы "Барыс" пен Қазақстан құрамасын тізгіндеген Ғалым Мамбетәлиевтің көмекшісі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ХК "Барыс" (@barys_official)17 Июн 2020 в 1:21 PDT
Айта кетейік, соңғы екі жылда "Барысты" баптаған Андрей Скабелка келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартқан еді.