«Барысты» қазақ бапкері баптайтын болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sport.gazeta.kz

Астаналық клубты осыған дейін ресейлік бапкер Андрей Назаров жаттықтырып келген болатын. 20 маусым күні Санкт-Петерборлық «СКА» клубынан ұсыныс алған маман өз еліне жол тартты. Нәтижесінде «Барыс» бас бапкерсіз қалған еді.

- «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры қамқорлық кеңесінің шешімімен Ерлан Сағымбаев «Барыс» хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды. Жаңа бапкердің есімі қазақстандық спортсүйер қауымға танымал. Сондай-ақ бапкерлік тәжірибесі де жоғары. Жұмысында жаңа табыстар тілейміз, - деді «Әлеуметтік жобалар қоры» жетекшісі Асқар Мамин.

Ерлан Сағымбаев Ерлесұлы Өскеменде 1970 жылдың 5 сәуірінде дүниеге келген. Қазақстандық хоккей клубының, Өскемен қаласының «Торпедо» хоккей клубының тәрбиеленушісі. Көптеген жылдар бойы: «Торпедо», «Автомобилист» (Қарағанды қ.), «Авангард» (Омбы қ.), «Металлург» (Новокузнецк қ.), «Сібір» (Новосибирск қ.) хоккей клубтарында жұмыс істеді, ҚР хоккей құрама командасының құрамында ойнады.

Қазақстандық маман алғаш рет бапкер болып отырған жоқ. Осыған дейін «Казцинк-Торпедо» (Өскемен қ), «Сары-Арқа» (Қарағанды қ.), «Ертіс» (Павлодар қ) клубтарының бас бапкері болды. «Қар қабыланы», «Барыс» хоккей клубтарының бапкерлік штабында қызмет атқарды. ҚР Халықаралық санаттағы (шайбамен хоккей бойынш) спорт шебері. ҚР еңбек сіңірген бапкері.

Айта кетейік, өткен маусымда Андрей Назаров жаттықтыруымен «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының шығыс конференциясында бесінші орын алып, плей-офф кезеңінде Омбының «Авангардына» есе жіберіп алған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама