«Барыс» үшінші ойында «Трактордан» басым түсті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Хоккейный клуб "БАРЫС"

Бірінші кезең аяқталар тұста «Трактор» шабуылшысы Дмитрий Пестунов ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланып, командасын алға шығарды. Екінші кезеңде «Барыс» хоккейшілері есепті теңестіре білді. Ойыншы басымдығы кезінде Найджел Доус қонақтар қақпасына команданың ойындағы алғашқы шайбасын соқты.

Үшінші кезең басы да елордалық клуб хоккейшілері үшін сәтті басталды. Найджел Доус дубль орындап, «Барысты» есепте алға шығарды. Ал ойын аяқталар тұста Кори Тривино ашық қақпаны дәл нысанаға ала білді. Нәтижесінде Эдуард Занковец жаттықтыратын қазақстандық клуб жалпы есепте 2:1 есебімен алға шықты.

Қос команда арасындағы келесі ойын 28 ақпан күні өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады. Тікелей эфирде «KazSport» арнасы көрсететін болады.  

Айта кетейік, құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі ойындарда төрт рет жеңіске жеткен команда келесі кезеңге өтеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама