"Барыс" үшінші ойында "Авангардтан" ойсырай ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ "Авангард" ХК

Бірінші кезеңде "Авангард" команда ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланды. 13 минутта Андрей Стась шайба соғып, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. Екінші кезеңде де "Барыс" ойыншылары ереже бұзып, алаңнан шеттетілгенде "Авангард" командасы мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалана білді. Сергей Широков пен Сергей Шумаков ойыншы саны басым кезде шайба соғып, есепте командасын алға оздырды. Сондай-ақ екінші кезеңде Павел Акользин мен Михаил Фисенко жаға ұстасып, айып уақытымен жазаланды.

Үшінші кезеңде де мұз айдын иелері басым болды. "4х4" ойыны кезінде "Авангард" "Барыс" қақпасына төртінші шайбаны соқты. Бұл жолы Кирилл Семенов мергендік танытты. Осыдан кейін Андрей Скабелка қақпашы Хенрик Карлссонның орнына Доминик Графховинаны шығарды.

Ойында қақтығыстар мен ереже бұзылған сәттер көп болды. 50 минутта Патрис Кормье қарсыласын хоккей таяғымен ұрғаны үшін ойын соңына дейін шеттетілді. Одан кейін Даррен Диц те 2 минуттық айып уақытын алды. "Авангард" бұл сәтте бесінші шайбаны соғып үлгерді.

Плей-оффта командалар төрт жеңіске дейін ойнайды. Осы ойын қорытындысы бойынша жалпы есепте "Авангард" 2:1 есебімен алға шықты. Келесі ойын ертең өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама