«Барыс» сырт алаңда «Ладаны» жеңді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Тольяттиде өткен ойында жылдам есеп ашылды. Кездесудің 30 секундында Найджел Доус «Барысты» алға шығарды. Алайда бірінші кезең аяқталар тұста «Лада» сапынан Дмитрий Воробьев таразы басын теңңестірді.

Екінші таймды да «Барыс» ойыншылары жылдам есепте алға озумен бастады. Бұл жолы да Найджел Доус шайба авторы атанды. Үшінші кезеңде Брэндон Боченский бір шайба соқса, Найджел Доус үшінші рет мергендігімен көзге түсті.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама