“Барыс“ шабуылшысы ҚХЛ-ғы 200-ші шайбасын соқты
- Мен өте тамаша пас бере алатын хоккейшілермен ойнаймын. Маған Дастин және Брендон секілді ойыншылармен ойнау – бір бақыт. Ал осы маусымда Линден мен Мэтт көп көмектесуде. Сондай-ақ соңғы жылдары Мартен Сен-Пьермен де бірге сәтті ойнадым. 200 шайба соғуым солардың арқасы, - деді хоккейші.
Найджел Доус қыркүйек айында ҚХЛ-дің үздік шабуылшысы атанған болатын. Одан өзге хет-трик саны бойынша да жарыс тарихында рекорд орнатқан-ды.
Айта кетейік, Минскіде өткен ойында командалар негізгі уақытта 2:2 есебімен тең ойнап, буллит сериясында "Динамо" хоккейшілері жеңіске жеткен болатын.