«Барыс» «Северстальды» овертаймда ұтты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

«Барыс-Арена» мұз айдынында өткен ойында 4:3 есебі тіркелді. Бірінші кезеңде Максим Семенов пен Брэндон Боченский соққан шайбалар «Барысты» алға шығарды. Екінші кезеңде екі клуб та бір-бір шайбадан соғып шықты. Алайда үшінші кезең Андрей Назаров шәкірттері үшін сәтті аяқталмады. 48 минутта Даниил Вовченко есепті қысқартса, 55 минутта Вадим Никонцев таразы басын теңестіріп кетті. Нәтижесінде қос клуб жеңімпазды овертаймда анықтады. Овертайм 26 секундқа ғана созылып, Брэндон Боченский «Барысқа» жеңіс сыйлаған шайбаны соқты.

«Барыс» плей-офф кезеңіне шыу үшін барын салуда. 29 желтоқсан күні Астанада Мәскеудің «ЦСКА» клубын қабылдайды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама