«Барыс» Омбыда «Авангардты» ұтты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Жақында ғана бас жаттықтырушысыз қалған ұжымды Омбыға Евгений Корешков бастап барды. Шабуылда ширақ ойнаған «Барыс» ойыншылары бірінші болып есеп ашты. 10 минутта Евгений Рымарев астаналық клубты алға шығарды. Алайда бірінші кезең аяқталар тұста «Авангард» сапынан Денис Куляш таразы басын теңестіріп кетті.

Екінші кезең басында мұз айдын иелері есепте алға шықты. Александр Пережогиннің соққан шайбасына 26 минутта Найджел Доус жауап қатса, арада 1 минут өтпей Дастин Бойд «Барысты» алға шығарды. Ойын соңында есепті теңестіру үшін қақпашысыз өнер көрсеткен алаң иелерінің шабуылынан нәтиже шықпады. Есесіне Найджел Доус екінші шайбасын соғып, «Барысқа» айқын жеңісті сыйлады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама