«Барыс» Нижнекамскіде «Нефтехимикті» ұтты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

«Барыс» хоккейшілері бірінші кезеңді сәтті өткізді. 9 минутта ұлттық құрама ойыншысы Евгений Рымарев шайба соғып, қазақстандық клубты алға шығарды. Ал бірінші кезең аяқталар тұста Найджел Доус «Барыстың» ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланды.

Екінші кезең басталысымен «Барыс» мұз айдын иелерінің қақпасына үшінші шайбаны тоғытты. Мартин Сен-Пьер шайба авторы атанды. Одан кейінгі аралықта есепте өзгеріс орын алмады. Сондай-ақ ойын ойыншылардың қауіпті қақтығыстарымен де есте қалды.

«Барыс» келесі ойынын да түзде өткізеді. 29 қазан күні Тольяттиде «Ладамен» ойнайды.

«Нефтехимик» — «Барыс» 0:3 (0:2, 0:1, 0:0)

Шайбалар:
0:1 — 08:43 Рымарев (Трясунов). Тең құрамда
0:2 — 17:18 Доус (Сен-Пьер). Ойыншы басымдығында
0:3 — 20:35 Сен-Пьер (Семёнов, Даллмэн). Тең құрамда

«Нефтехимик»: Хакимов 00:00-20:00, Лисутин 20:00-60:00 — Лекомцев-Рясенский, Миловзоров-Полыгалов-Коньков; Березин-Кинрейд, Гюнге-Брюле-Секстон; Лямин-Брынцев, Чернов-Макаров К.-Макаров Д.; Фазылзянов, Куликов-Порядин-Саллинен, Здунов;

«Барыс»: Карлссон — Даллмэн-Семёнов, Боченски-Доус-Сен-Пьер; Баркер-Трясунов, Кучин-Старченко-Рымарев; Липин-Шалапов, Тривино-Маркелов-Панюков; Савченко, Гренц-Худяков-Иванов, Белгібаев.

Айып уақыты: 16:10 (4:4, 12:2, 0:4)

Бас төреші: Петер Гебеи, Рафаэль Кадыров

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама