"Барыс" ҚХЛ-дің екінші кезеңіне шықты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ Барыс ХК

Келесі кезеңге шыққан команда 5 ойын нәтижесі бойынша анықталды. "Барыс" жаңа ғана Нұр-Сұлтанда аяқталған маңызды ойында Ресейден келген қарсыластарын 5:2 есебімен ұтты. Павел Акользин мен Антон Сагадеев екі шайбадан соқса, бір шайбаны Даррен Диц өз еншісіне жазды.

Жалпы ойындар саны бойынша "Барыс" "Металлургтен" 4:1 нәтижесімен басым болды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама