Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын Барыс жетінші ойын қатарынан ұтылды. Бүгін команда түзде Амурға есе жіберді. Хабаровскіде өткен ойында мұз айдын иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Барыс плей-оффқа шығу мүмкіндігінен алыстап барады. Амур мен Барыс арасындағы ойынның бірінші кезеңінде шайба соғылмады. Тек Амур шабуылшысы Вячеслав Ушенин мен Барыс қорғаушысы Роман Савченконың жаға жыртысқан сәті ғана ереже бұзылған бір сәт болды. Екі ойыншы да 5 минутқа ойыннан шеттетілді. Қос команда арасындағы тең есеп 31 минутқа дейін сақталып тұрды. 31 минутта бірінші болып Амур ойыншысы Ян Коларж ойыншы басымдығында шайба соғып, командасын алға шығарды. Барыс 42 минутта таразы басын теңестірген. Кевин Даллмэннің соққан шайбасының қуанышы көпке созылмады. Мұз айдын иелері сапынан Александр Горшков командасын қайта алға шығарды. Басында шайбаны төрешілер бірден есепке алмағанмен, видеоқайталау нәтижесінде есепті тіркеді. Ал 44 минутта Амур шабуылшысы Георгий Бердюков елордалық команда қақпасына үшінші шайбаны соқты. 63 ұпай жинаған Барыс Шығыс конференцияда 10-орында келеді. Амурдан 9 ұпайға қалып тұр. Келесі ойынын 11 қаңтар күні Владивостокта Адмиралға қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 15:30-да басталады. Амур Барыс 3:1 (0:0, 1:0, 2:1) Шайба соққандар: 1:0 31:00 Коларж (Зогорна). Ойыншы басымдығында1:1 41:48 Даллмэн (Старченко). Тең құрамда2:1 42:08 Горшков (Клопов, Йордан). Тең құрамда3:1 43:26 Бердюков. Тең құрамда Амур:Метсола Кармашков, Атюшов, Коларж, Йордан, Аверин, Кондратьев. Кузьмин, Бердюков Клопов, Рассказов, Величкин, Горшков, Фролов, Бывальцев, Литовченко, беляков, Ушенин, Зогорна, Ли, Потехин; Барыс:Кудрявцев Савченко, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов, Маклюков Доус, Лихотников, Райт, Вей, Савенков, Акользин, Старченко, Фрэттин, Кучин, Пушкарёв, Сагадеев, Шевченко. Айып уақыты:13:27 (5:5, 0:2, 8:20) Төрешілер:Павел Овчинников, Александр Сергеев 9 қаңтар. Хабаровск. Платинум Арена. 6 811 жанкүйер.