«Барыс» хоккей клубына жаңа жаттықтырушы келді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ hcbarys.kz

- 7 қыркүйектен бастап «Барыс» хоккей клубының бас жаттықтырушысы қызметін Занковец Эдуард Константинович атқарады. Құрлықтық хоккей лигасы мен Ұлттық хоккей лигасында да қызмет жасаған тәжірибелі маман, - делінген ресми хабарламада.

Занковец Эдуард Константинович жаттықтырушылық қызметін 2007 жылы бастаған. Алғашында минскілік «Динамоны» жаттықтырған. Кейіннен Беларусь ұлттық құрамасы мен Ресейдің «Авангард» клубтарында бас жаттықтырушының көмекшісі болған.

Айта кетейік, кеше маусым басындағы сәтсіз ойынына байланысты «Барыс» бас жаттықтырушысы Андрей Назаровты қызметінен босатқан болатын. Сондай-ақ ресейлік маманмен ұлттық құрама да келісімшартын үзген еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама