"Барыс" "Авангардтан" аса алмады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Мұз айдындағы кездесуде Барыс қарсыластарын екінші кезең басына дейін 2:0 есебімен ұтып тұрған. Мэттью Фреттиннің екі шайбасы басымдық ала келген. Алайда екінші кезеңде қонақтардың шабуылы артты. Бір минут ішінде есепті теңестіріп, кезең соңына дейін екі рет ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланып кетті.

Үшінші кезеңде командалар бір-бір шайбадан алмасты. "Барыстың" маусымдағы соңғы шайбасын Никита Михайлис соқты.

Плей-оффта "Авангард" жалпы есеп бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетіп, жарысты жалғастырады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама