«Барыс» - «Авангард» ойынында қателескен төреші жазаланды
Уақытша қызметінен шеттетілген төреші «Барыс» - «Авангард» кездесуінің 10-шы минутында қателескен болатын. Мұз айдын иелерінің ойыншысы Чад Коларик қазақстандық клубтың қорғаушысы Алексей Литвиненкоға қарсы ойын ережесін бұзған-ды. Бірақ, бұл қақтығысты назарынан тыс қалдырған төрешінің шешімі «Авангард» хоккейшілерінің таразы басын теңестіруімен аяқталған еді. Ойынды қарап шыққан ҚХЛ бас төрешісі Константин Олениннің қателескенін растады. Енді бас қазы плей-офф кезеңінің екінші раундындағы ойындарға қазылық жасай алмайды.
Айта кетейік, құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі жеті кездесуге созылған тартыста «Авангард» «Барыстан» 4:3 есебімен басым түскен еді.
Сурет: scoutingtherefs.com
Оқи отырыңыз
«Барыстың» бағы жанбады
«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне өтті
2015 жылы хоккейден өтетін әлем чемпионатының медальдары таныстырылды