"Барыс" Астанада "Северстальды" 4:3 есебімен ұтты
Елордалық ұжымның сапында Найджел Доус дубль авторы атанса, Даррен Диц пен Талғат Жайлауов бір-бір шайбадан соқты. "Северсталь" командасы қатарынан Александр Бумагин, Дмитрий Кагарлицкий және Максим Рыбин мергендігімен көзге түсті.
Айта кету керек, Талғат Жайлауов пен Дмитрий Кагарлицкийдің шайбаларын төрешілер видеоқайталауды қарап барып қана есеп алды. Ал қонақтардың бір шайбасы видеоқайталаудан кейін есепке алынбады. 55 минутта қонақтар Дмитрий буллит орындай алмады.
"Барыс" келесі ойынын да Астанада өткізеді. 30 тамыз күні Нижний Новгородтың "Торпедо" командасымен кездеседі. Одан кейін қазақстандық клуб төрт ойынын түзде өткізетін болады.
«Барыс» — «Северсталь» 4:3 (1:0, 2:2, 1:1)
Шайбалар:
1:0 — 16:27 Доус (Даллмэн). Тең құрамда
1:1 — 24:12 Бумагин (Кагарлицкий). Тең құрамда
2:1 — 24:34 Диц (Фрэттин, Доус). Ойыншы басымдығында
3:1 — 34:46 Жайлауов (Диц, Даллмэн). Ойыншы басымдығында
3:2 — 38:26 Кагарлицкий (Бумагин, Кудако). Тең құрамда
3:3 — 43:19 Рыбин. Тең құрамда
4:3 — 56:49 Доус (Вей, Даллмэн). Тең құрамда
«Барыс»: Карлссон — Савченко, Шалапов, Семенов, Полохов, Даллмэн, Диц, Маклюков — Жайлауов, Доус, Лихотников, Вей, Бельгибаев, Акользин, Маркелов, Фрэттин, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Сен-Пьер;
«Северсталь»: Гудачек — Кудако, Стасенко, Евсеенков, Мазур, Калашников, Вишневский, Хабаров — Кагарлицкий, Казаковцев, Угаров, Кодола, Странски, Карлин, Вовченко, Бумагин, Рыбин, Чернов, Монахов, Щербина, Голик.
Айып уақыты: 4:16 (2:0, 2:8, 0:8)
Төрешілер: Сергей Морозов, Иван Фатеев