«Барыс» Астанада Минскінің «Динамо» клубын жеңді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Андрей Назаров жаттықтыратын «Барыс» Минскіден келген «Динамо» клубын 4:2 есебімен ұтты. Бірінші кезеңде қос клуб есеп аша алған жоқ. Алайда екінші кезең нәтижеге толы болды. Кевин Далмэн, Максим Худяков пен Дастин Войдтың соққан шайбалары «Барысты» алға шығарды. Қонақтар сапынан Пол Щехура есеп айырмасын 1 шайбаға қысқартты.

Үшінші кезеңде Брэндон Боченский есепті 4:1-ге жеткізді. Алайда ойын аяқталған минскілік клуб ойыншылары нәтижені бір шайбаға қысқарта білді.

«Барыс» келесі ойынын 21 қаңтар күні Астанада Омбының «Авангард» клубына қарсы өткізеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама