"Барыс" америкалық хоккейшіні қатарына қосты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ "Барыс" ХК

Команда мен ойыншы бір маусымдық келісімшартқа қол қойған. 29 жастағы Уилл тәжірибелі ойыншы. NHL-де 280 матчқа қатысқан. Төрт маусым "Нью-Джерси Дэвилз" командасының құрамында ойнаған. Бір маусым "Баффало Сэйбрз" жейдесін киген. Кейінгі маусымда AHL-гі "Скрэнтон Пингвинз" және "Айова Уайлд" клубтарында ойнаған.

АҚШ құрамасы сапында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері болған. Сондай-ақ ересектер арасында әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізген. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама